Бас жаңалықтар
Өскемендегі велотректе алғашқы жарыс өтті
10 Қазан 2021, 12:35 390

Өскемендегі велотректе алғашқы жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің тапсырмасымен салынған велотрек халықаралық стандарттар мен BMX жас олимпиадалық спорт түрінің талаптарына сай. Бүгін ол алғашқы маңызды сынақтан өткізілді, деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында.

Мұнда ВМХ бойынша ашық облыс чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа Өскемен, Алматы, Талдықорған қалаларынан әр түрлі жас санатындағы спортшылар қатысты.

Спортшылар мен жаттықтырушылар жаңа алаңның сапасымен қатар турнирдің ұйымдастырылуына қатысты да өз пікірлерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті, - деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...