Өскемендегі сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылады

6 Сәуір 2021, 23:23
1441
Бөлісу:
Өскемендегі сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі ірі кәсіпорындар мен сауда орталықтарында қосымша вакцинация пункттері ашылмақ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Ермек Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Облыс әкімі жаңа басшыға қаладағы вакцинация пункттерінің санын көбейтуге тапсырма берген.

Қазір облыс бойынша 60 пункт жұмыс істеп тұр. Алайда облыс әкімі олардың санын көбейтуге тапсырма берді. Апта соңына қарай тағы қосымша 60 пункт ашуды жоспарлап отырмыз. Пункттер ірі кәсіпорындар мен сауда орталықтарында ашылуы мүмкін, – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.

Өзгелердің жаңалығы