Бас жаңалықтар
Өскемендегі гематология орталығы әлемдік стандарттарға сай болмақ
05 Тамыз 2021, 10:32 476

Өскемендегі гематология орталығы әлемдік стандарттарға сай болмақ

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жақын жылдары Шығыс Қазақстан облысы медицинасы қарқынды дамыған өңірлердің біріне айналады.

Денсаулық сақтау саласында жүзеге асқан және алдағы уақытта іске асырылуы жоспарланған жобалар өңір медицинасын жаңа деңгейге шығармақ. Мысалы, биыл Семейде ядролық медицина және онкология орталығы ашылса, аталмыш қалада 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығының іргетасы қаланып, құрылысы басталды. Облыстық мәслихаттың жетінші сессиясында аймақ басшысы Даниал Ахметов соңғы жылдары медицина саласына 150 миллиард теңгеге жуық қаражаттың бағытталғанын атап өтті.

Медициналық жедел жәрдем автокөліктерінің паркі 216 автомобильмен толықты. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша жақсы көрсеткіш. Оған қоса, бес жарым мыңнан астам маман қайта оқытылып, кәсіби біліктілігін жетілдірді, - деді Даниал Ахметов.

Бүгінгі күні Өскемен қаласында қан ауруларын емдеп қана қоймай, сонымен қатар осы салада ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін гематология орталығы салынып жатыр. Қазіргі уақытта облыста кейбір ауру түрлерін бастапқы деңгейінде анықтау мүмкіндігі туып, жаңадан ашылған роботты хирургия және гибридті ота жасау орталығы ерекше хирургиялық араласулар жасап, ішкі органдарды трансплантациялауда нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Облыс әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының алдағы уақытта да қолдау тауып отыратынын баса айтты.




Фото: дереккөз
Загрузка...