Өскемендегі автопатруль көліктері барлық арнайы құралдармен қамтылған

30 Мамыр 2019, 09:37
1707
Бөлісу:
Өскемендегі автопатруль көліктері барлық арнайы құралдармен қамтылған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендік полицейлер алғашқы медициналық көмек құралдарымен толықтай қамтылған. Бұл жөнінде қалалық Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Даур Ибрев хабарлады. 

«Полиция қызметкері жағдайға және тәулік мезгіліне қарамастан түрлі оқыс оқиғалардан зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге әзір болуы керек. Ол үшін полиция қызметкері оқу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің толық курсынан өтеді. Оқиға орнына алғаш болып жететін полиция қызметкері. Сондықтан «жедел жәрдем» бригадасы немесе өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қыл үстінде тұрған адам жаны тәртіп сақшыларының қолында», - деді Даур Ибраев. 

Еліміздің Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Өскемен қалалық Полиция басқармасына қарасты барлық автопатруль көліктері құтқару жилеті, трос, гидравликалық қайшы, өрт сөндіруші балтасы, өрт сөндіргіш, апаттық жол белгілері, шектеу ленталары мен тыныс алу жолдарын қорғайтын арнайы құралдармен қамтамасыз етілген. 

«Енді полицейлер зардап шеккендерге барлық жағдайларда көмек көрсете алады. Оның үстіне қаламызда тәртіп сақшылары қызметі барысында ғана емес, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс кезде де адам өмірін құтқарып жататын жайлары жиі кездесіп жатады», - деп қосты басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы