Өскеменде ұшақ апатты жағдайда қонды

26 Ақпан 2020, 13:39
2294
Бөлісу:
Өскеменде ұшақ апатты жағдайда қонды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ан-2 санавиация ұшағы сағат 12:33-те Өскемен қаласы Прапорщиково ауылының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. 


Ұшақ бортында 5 адам болған. Барлығы аман-есен, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Қазақстан авиациялық әкімшілігі хабарлағандай, "Орлан 2000"  әуекомпаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы санитариялық тапсырыс бойынша Өскемен-Ақсуат бағытында рейс орындаған. Сағат 11:50-де экипаж қозғалтқыштағы ақау туралы хабарлаған.

photo5382345955153653189.jpg
Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерге қонуға мәжбүр болды. Борттың ішінде 5 адам болды: 3 экипаж мүшесі және екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқармасы оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.
 

Өзгелердің жаңалығы