Өскеменде Оралхан Бөкейдің ескерткіші бой көтерді

21 Қыркүйек 2021, 19:19
4487
Бөлісу:
Өскеменде Оралхан Бөкейдің ескерткіші бой көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін Өскеменнің төрінде Өр Алтайдың асқақ жыршысы, жазушы Оралхан Бөкейдің қайта жаңартылған кеуде-мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Жап-жаңа кеуде-мүсіннің ашылу салтанатына Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, журналист - жазушы, Қазақстан жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбай және орнитолог- ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Борис Щербаков қатысты, - деп жазды ол.

Оның сөзінше, жазушының мүсіні қоладан жасалған, гранит қаптамасы бар постамент. Жалпы биіктігі 4,8 метр

Авторлары – белгілі мүсіншілер Калиев Нурбол мен Баймуханов Мейрам.

Өзгелердің жаңалығы