Өскеменде қоныс колониясы қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

30 Мамыр 2019, 17:16
2630
Бөлісу:
Өскеменде қоныс колониясы қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған «Балалар біздің болашағымыз» акциясы барысында қоныс колониясының қызметкерлері «Үміт» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті ОВ-156/22 мекемесінің бастығы, әділет майоры Бақытжан Ниязбековтың басшылығымен қоныс колониясы қызметкерлері Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан 1 маусым – Халықаралық балалар қорғау күнімен құттықтады. Тағдырдың қатаң сынына ұшыраған қам көңіл бүлдіршіндерге бір сәт қуаныш сыйлауды мақсат тұтқан мекеме аталмыш шараны бірнеше жыл қатарынан өткізіп келе жатыр.

«Балалар біздің болашағымыз» атты акциясы жылда өткізіледі. Қайырымдылық шаралары тек Халықаралық балаларды қорғау күнінде ғана емес, сондай-ақ білім саласына бағытталған «Мектепке жол», Наурыз мейрамы, Жаңа жыл мерекесі кездері де назардан тыс қалған емес. Жалпы, қазақ халқы жасаған жақсылығын жария қылмайды ғой, алайда бұл жерде мекеме қызметкерлерінің басты мақсаты – мұндай қайырымдылық істерді басқа да мекемелер мен ұжымдар жалғыстырып әкетсе игі болар деген үмітпен ұйымдастыруда. Жарым көңіл балалармен жиі кездесіп, көңіл-күйлерін көтеріп қайтса деген мақсат", - деді Бақытжан Ниязбеков.

Өзгелердің жаңалығы