Өскеменде фитнес жаттықтырушы есірткі сатумен айналысқан

15 Қазан 2020, 01:31
1402
Бөлісу:
Өскеменде фитнес жаттықтырушы есірткі сатумен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.

Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы  «Қарасора» жедел және алдын алу шаралары барысында Өскеменде біраз уақыттан бері марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтың біріндегі жаттықтырушыны ұстады, - делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы