Өскеменде Ертіс көпірін қайта құру жұмыстары аяқталды

1 Қазан 2021, 07:14
2832
Бөлісу:
Өскеменде Ертіс көпірін қайта құру жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде бірнеше жылға созылған Ертіс көпірін қайта құру аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Көпірді жөндеу жұмыстары 2014 жылы басталған еді. 2016 жылы қаланың логистикасының талабына қарай жобаға түзету енгізуге тура келген. Көпірді және оған жалғасып жатқан Сәтпаев даңғылын 8 қозғалыс жолағына дейін кеңейту керек болды. 2017 жылы түзету аяқталып, жұмыстар жалғасын тапты. Алайда 2019 жылы мердігер әкімдіктен төлем алып отырса да, өз қызметкерлеріне еңбекақы бермегені анықталды. Қала әкімшілігі сот тәртібінде келісімшартты бұзуға мәжбүр болды. Бұл бірнеше айға созылып, жаңа мердігер 2020 жылы ғана белгіленді.

Міне, енді көпірді қайта құру бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Көпір астындағы алаңды жоспарлау мен коммуникация тарту бойынша біраз жұмыстар ғана қалды. Жеті жыл өткеннен кейін Ертіс өзеніндегі көпір толық дайын болып, қозғалыс үшін ашылып отыр, - дейді Жақсылық Омар.

Өзгелердің жаңалығы