Өскеменде 160 мыңға жуық адам вакцина алды

12 Қыркүйек 2021, 05:18
1581
Бөлісу:
Өскеменде 160 мыңға жуық адам вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында 160 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді. Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін отандық «QazVac» вакцинасы да қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 157 118 адам вакцина салдырған.

Қауіпті дертті жеңудің жалғыз амалы – вакцина. Өскемендіктер арасында екпе алғандар санын арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, қыркүйек айының басында вакцина салдырғандарға автокөлік ойнатылды. 30 мыңға жуық адам қатысқан лотереяда мектеп вахтері жеңімпаз атанып, Chevrolet Nexia көлігінің иесі атанды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы