Өскеменде 12 көшенің жолы жөнделеді

10 Сәуір 2021, 23:19
1640
Бөлісу:
Өскеменде 12 көшенің жолы жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласы көшелерінің 11 шақырымы орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Сонымен қатар, 37 шаршы метр аумақта шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізілмек.

Қазір жөндеу жұмыстары Молдағұлова көшесінде басталды. Мұнда екі бригада жұмыс істеуде.

Одан бөлек, биыл жеке секторлардың көшелерінде қиыршық тас төселді, бұл шамамен ұзындығы 30 шақырым болатын 34 участок.

Орташа жөндеу жұмыстары Сәтбаев даңғылында да жүріп жатыр. Ол 1 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы