Өскемен тұрғынынан қалам тәрізді қару тәркіленді

11 Маусым 2021, 16:07
2018
Бөлісу:
Өскемен тұрғынынан қалам тәрізді қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ерекше режимдегі колония қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласының 44 жастағы азаматын ұстады. Ол өз еркімен қолдан жасалған атыс қаруына ұқсас затты тапсырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде азаматтан автоқалам ретінде бүркемеленген, шағын калибрлі патрон үшін бір оқтаулы тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.


Өзгелердің жаңалығы