Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап тастады

13 Ақпан 2021, 21:45
2505
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ақпанның 12-сі күні кешкі сағат 21.40 шамасында 102 нөміріне әйел азаматша шағымданып, көмек сұраған.

Оның айтуынша, үйіне бұрынғы күйеуі келіп, екеуі бірлесе спирттік ішімдік ішкен екен. Әңгіме барысында араларында жанжал шығып, ер азамат бұрынғы жұбайының кеуде тұсынан ас үй пышағымен жарақат салған. Сөйтіп, белгісіз жаққа қарай қаша жөнелген.

Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап тастады

Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлері бұл туралы хабар алысымен, дереу оқиға орнына жетіп, көрші аулалардың бірінде масаң күйде жүрген, берілген анықтамаға түр-сипаты сәйкес келетін ер азаматты байқайды. Патрульдік топ бастығы сержант Азат Ульянов, қатардағы жауынгерлер Жандос Естай мен Әлинұр Айтқалин әлгі азаматты ұстап, мәселенің анық-қанығын анықтау мақсатында полиция бөліміне жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы