Бас жаңалықтар
"Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
06 Желтоқсан 2019, 17:03 2175

"Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және индустриалдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті жүргізушілер, ауа райына байланысты "Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 15-102 учаскесі бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылды! 
"Герасимовка ау.- Семей" 10-198 км автожолындағы жағдай қалпына келтірілді. Барлық автокөлік үшін жол қозғалысы ашық!, - делінген ведомство хабарламасында.

Жолдағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін + 7 7172 444 777 нөміріне және +7 771 744 47 77 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp арқылы хабарласуға болады.


 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...