Бас жаңалықтар
Өскемен, Семей, Күршім және Үржарда ПТР-зертхана ашылады
31 Қазан 2020, 23:17 178

Өскемен, Семей, Күршім және Үржарда ПТР-зертхана ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 15 компьютерлік томограф 24/7 режимінде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Сондай-ақ, әр құрылғы белгілі бір ауданға немесе қалаға бекітілген. Үржар ауданына, Өскеменнің Жедел медициналық жәрдем ауруханасына, Семей жұқпалы аурулар ауруханасына қосымша 3 компьютерлік томограф сатылып алынуда, оларды осы айда орнату жоспарланып отыр.

Жергілікті бюджет есебінен Өскемен мен Семейде, Күршім, Үржар аудандарында тағы 5 ПТР-зертхана ашу жоспарлануда, бұл тестілеудің қолжетімділігін арттырмақ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...