Өскемен мен Семей тұрғындары үйінен аптасына үш күн ғана шығады

2 Сәуір 2020, 21:39
1972
Бөлісу:
Өскемен мен Семей тұрғындары үйінен аптасына үш күн ғана шығады
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен және Семейде карантинге байланысты уақытша шектеулердің енгізілуіне орай, қала тұрғындарының жүріс-тұрысы шектеледі.

1 карта.jpg

Атап айтсақ, сәуір айының алтыншы жұлдызынан бастап, Шығыстың басты екі шаһарының тұрғындары тысқа тек тақ немесе жұп санды күндері, күніне бір рет қана шыға алатын болады. Оның өзінде қыдыруға емес, қажетті тауарларын сатып алу үшін дүкенге, банкке немесе дәріханаларға ғана бара алады. Ал өзен жағасына, я болмаса табиғат аясына серуендеу қосымша шектеулер тәртібін бұзу болып саналады.

карта3.jpg

Тұрғындардың жүріс-тұрысын реттеу мақсатында халықтың қолына берілетін жасыл және ақ түсті рұқсатнамалар дайындаған қалалар билігі пәтер иелері кооперативтері мен кондоминиумдар, өзін-өзі басқару комитеттері арқылы карталарды тарата бастады. Жасыл түсті карта оның иесіне жұп күндері тысқа шығуға мүмкіндік берсе, ақ түсті рұқсатнама тақ санды күндері шығуға мүмкіндік жасайды. Егер тұрғынның автокөлігі болса, аталған рұқсатнамалар оның көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірінің соңғы санына байланысты беріледі. Яғни, көлік нөмірі жұп санға немесе 0-ге аяқталса – жасыл түсті, ал тақ санға аяқталса – ақ түсті карта табысталады. Рұқсатнама әр пәтерге біреуден ғана беріледі.

Гульжанат Калиаскарова.jpg

Тағы бір айта кетерлік жайт, рұқсат қағаздарын қаланың сол квадратына жауапты полиция қызметкері тексеріп, тұрғынның рұқсат етілген күні бір мәрте ғана тысқа шығуын бақылайтын болады

Бүгін қолыма табысталған рұқсатнама жасыл түсті. Сол себепті өз қажеттілігім үшін тысқа жұп санды күндері ғана шыға алатын боламын. Қабылданып жатқан шараларға келісемін. Мұның барлығы біздің денсаулығымыз үшін істеліп жатқан жұмыстар деп санаймын, - дейді Өскемен қаласының Гүлжанат Қалиасқарова есімді тұрғыны.

карта2.jpg
Қоса кетсек, қала билігі бүгінгі күні ғана 170 мыңнан астам осындай рұқсатнамаларды дайындап, өзін-өзі басқару комитеттеріне таратып берді.
Өзгелердің жаңалығы