Өскемен қаласының жаңа логотипі бекітілді

18 Қаңтар 2021, 19:49
2830
Бөлісу:
Өскемен қаласының жаңа логотипі бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті өскемендіктер! Қазақстанның қалаларында елтаңба мен басқа да геральдикалық символдардың болуы қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған. Дегенмен, қарапайым, заманауи және де көркемдік мағынасы бар символика туристік тартымдылық пен жалпы қаланың имиджін қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз. Осыны ескере отырып, мамандарды тарту арқылы іс-шаралар мен құжаттарда, сондай-ақ, кәдесыйлық және басқа да атрибутиканы брендтеуде қолданылатын логотип әзірленді. Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген, – деп жазды қала әкімі.
Өскемен қаласының жаңа логотипі бекітілді
Өзгелердің жаңалығы