Өскемен әкімдігі бақылауға алынды
9 Қаңтар, 14:18 609

Өскемен әкімдігі бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің шығысында тәртіпсіздіктер барысында 25 тәртіп сақшысы зардап шекті, деп хабарлады «Хабар 24». 

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ қылмыскерлер 13 патрульдік  көлікті жойып жіберген. 

Өскеменнің орталық алаңына баратын барлық жол бүгінде жабылды. Арнайы жасақтар қойылған. Әкімдік жанында бронотехника тұр. Өскемен мен Семей шекараларында блок-бекеттер қойылған. Полиция қызметкерлері кірген, шыққан көліктерді тексеріп жатыр, - делінген хабарламада. 

Банкоматтар кейбір жерлерде жұмыс істеп тұр. Зейнеткерлер ешбір қиындықсыз төлемдерін алып жатыр. Өскеменде интернет жоқ. Ұялы байланыс та әлсін-әлсін жұмыс істеп тұр. Бұл бизнеске кедергі келтіріп отыр. 

 

 

Загрузка...