Өскеменде 13 жастағы баланы атып кетті

5 Сәуір 2019, 15:26
2542
Бөлісу:
Өскеменде 13 жастағы баланы атып кетті

Өскемен, BAQ.KZ. Полиция қару қолданып, бұзақылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«3 сәуір күні сағат 19.00-де 35 жастағы қала тұрғыны полицияға шағымданған. Оның айтуынша, сағат 18.00 шамасында қаскүнемдер 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқан», – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жасөспірім достарымен үйдің ауласында ойнап жүрген, бір кезде балалар оқтың атылғанын естіген, ал жәбірленуші сол жақ аяғын көтере алмай қалған.

"Жасөспірімдер оқтың қай тұстан атылғанын байқамай қалған. Бұл уақытта аулада олардан басқа ешкім болмаған екен. Өскемен қалалық Полиция басқармасы басшысының бұйрығымен аталған аудан жіті бақылауға алынып, бұзақыны іздестіру жұмыстары басталған" - дейді басқарма қызметкерлері.

Полиция қызметкерлерінің жедел қимылдауы нәтижесінде қаланың 68 жастағы тұрғыны ұсталған. Алкогольдік ішімдікке масайған ол пневматикалық винтовкамен пәтерінің терезесінен оқ атып, баланы жарақаттаған. Аталмыш қару Ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі анықтау шаралары басталып, оқ сараптамаға жіберілді.Қару қолданған бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқ сараптамаға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы