Бас жаңалықтар
ОСК: Nur Otan партиясынан 126 кандидат тіркелді
02 Желтоқсан 2020, 16:24 423

ОСК: Nur Otan партиясынан 126 кандидат тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына Nur Otan партиясынан 126 кандидат тіркеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан 30 пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс, - дейді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Оның айтуынша, Nur Otan партиясының партиялық тізімінде 126 адам бар.

40 әйел және 29 жасқа толмаған адамдар енгізілген. Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 пайызын құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді, - дейді ҚР ОСК мүшесі. 

Сөйтіп Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына Nur Otan партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...