ОСК халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді

13 Мамыр 2019, 11:20
1819
Бөлісу:
ОСК халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді.

Бүгін ОСК «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады

ОСК халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді

ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина баяндамасында Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДАҚБ миссиясының құрамында 22 байқаушының аккредиттелгенін хабарлады.

Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылды.

ОСК халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді

ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді 2019 жылғы 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырады.
Сонымен бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді.
Өзгелердің жаңалығы