ОСК есептен шығару куәліктерін бақылайтынын айтты

15 Мамыр 2019, 18:11
2286
Бөлісу:
ОСК есептен шығару куәліктерін бақылайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау, беру және есепке алу мәселесі қаралған отырыс өтті. 

Отырысқа бірқатар саяси партиялар мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының өкілдері қатысты. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров өз баяндамасында заңнамада дауыс беру күні тұрғылықты жеріне келе алмаса да дауыс бере алатынын айтты.

"Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы болатын орнын ауыстырғанда учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Сайлау кезінде ОСК дайындалған, учаскелерге жіберілген, пайдаланылған және пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерінің санын есепке алу және бақылау бойынша іс-шараларды қабылдады", - деді Петров. 

Оның айтуынша, Аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес сайлаушылардың жалпы санының 1% аспайтын есептен шығару куәліктерін дайындап, ол туралы бір күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды. АСК тағы қажет болса ОСК келісімімен жазбаша түрде себептерін көрсете отырып, дауыс беруге кемінде үш күн қалғанда қосымша есептен шығару куәліктерін дайындау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде жиырма күн бұрын (20 мамыр) төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларына бөледі және жібереді, ал төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде он алты күн бұрын (24 мамыр) учаскелік сайлау комиссияларына бөледі және жібереді.

Есептен шығару куәліктерін беру жоғарыда көрсетілген қағидаларға сай нысан бойынша қабылдау-беру актісімен ресімделеді. Оған жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағасы және хатшысы қолдарын қояды, кейіннен олардың мөрлерімен расталады. Учаскелік сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін беруді сайлаушының тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.

Бір елдімекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі табыс етілмейді. Сайлаушы есептен шығару куәлігін  өтініші негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң беріледі.

Есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
Есептен шығару куәліктерін беру 8 маусымда   жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады.

Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы 8 маусым сағат 18:00-ден кейін жоюға тиіс. 

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына есептен шығару куәліктерінің туралы есеп береді.

Петров учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы және аумақтық сайлау комиссиялары дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларында келесідей мәліметтерді көрсетуі тиіс екенін айтты. 

"Хаттамаларда есептен шығару куәліктерінің негізінде дауыс берген сайлаушылардың санын, учаскелік сайлау комиссиясы актілер бойынша алған есептен шығару куәліктерінің санын, УСК 8 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін берген есептен шығару куәліктерінің санын және сол уақыттан кейін пайдаланылмаған және акт бойынша жойылған есептен шығару куәліктерінің саны көрсетіледі", - деп айтты ОСК төрағасының орынбасары. 

Осыған байланысты, ОСК иелігінде бүкіл республика бойынша дайындалған, учаскелерге жіберілген, берілген, жойылған есептен шығару куәліктері туралы мәліметтер болады.

Өзгелердің жаңалығы