Өсімдіктер карантині заңнамасын бұзғандарға 4,2 млн теңге айыппұл салынды

25 Қыркүйек 2021, 15:33
3867
Бөлісу:
Өсімдіктер карантині заңнамасын бұзғандарға 4,2 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 17-24 қыркүйегі аралығында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді басқа елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде 76 заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясынан 595,4 тонна бидай, арпа, картоп, қызанақ, қияр, қырыққабат, бұрыш, алма, банан, жаңғақтар, кептірілген жемістер, 82,5 м3 ағаш, Қырғызстан Республикасынан 43,1 тонна картоп, бұрыш, таңқурай, құлпынай және қарақат, Өзбекстан Республикасынан 17,4 тонна алма, қара өрік қызылшасына, жүзім, жоңышқа тұқымдары мен гүл көшеттеріне, Ауғанстаннан жеткізілген 20 тонна кептірілген өрікке карантиндік бақылау жүргізу кезінде фитосанитариялық талаптарға сай келмеді.

Нәтижесінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 4,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Негізгі заңбұзушылықтар фитосанитариялық сертификаттың болмауынан, тауардың таңбаланбауы мен карантинге жатқызылған өнімді қайтадан тексертпеуге қатысты болған, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлары 4 мыңға жуық заңбұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 308 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.



Өзгелердің жаңалығы