Бас жаңалықтар
Қосанов кандидатқа қойылатын талаптарға сай келді – ОСК
30 Сәуiр 2019, 11:26 915

Қосанов кандидатқа қойылатын талаптарға сай келді – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановтың кандидатурасын Қазақстан президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарға сай келеді деп таныды. 

27 сәуірде Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылуына байланысты құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. 

Кандидат Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме, сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, өмірбаяндық деректерін, жеке басын куәландыратын құжаттың, ЖОО білімі туралы дипломдарының көшірмелерін, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтері қоса берілген, оның президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтінішті ұсынды. 

Комиссия кандидаттың құжаттарын қарап, ондағы мәліметтердің заңнамада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында уәкілетті органдарға сұрау салып, тиісті мәліметтерді алған. Сұрау нәтижесінде 15 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұратыны, жоғары білімі бар екені, сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмағаны, мемлекеттік және сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бары анықталды. 

"29 сәуірде "Ұлт тағдыры" қозғалысының атынан  ұсынылған кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша оның қазақ тілін еркін меңгергені жөнінде шешім қабылдады", - деп айтты ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов. 

Комиссия шешімімен оның кандидатурасы ҚР Конституциясына және "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңында президенттікке үміткерге қойылған талаптарға сәйкес келеді деп танылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық