Осакаровта 25 мың тонна астыққа арналған заманауи элеватор салынды – Қарағанды

12 Қыркүйек 2021, 01:20
2182
Бөлісу:
Осакаровта 25 мың тонна астыққа арналған заманауи элеватор салынды – Қарағанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осакаров кентінде 25 мың тонна астыққа арналған заманауи элеватор салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Астық қабылдау кәсіпорны Осакаров және Нұра аудандарына, сондай-ақ Ақмола облысының Аршалы ауданына бағдарланатын болады.

Элеватор жобасы 6 жыл бұрын ойластырылған болатын. Нарықты ұзақ зерттедік. Соңғы екі жылда ол түбегейлі өзгерді. Астық трейдерлері бағаны көтереді. Элеватордың ашылуы Нұра және Осакаров аудандары арасындағы логистикаға 200 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Тәулігіне 2 мың тонна жүк тией аламыз. Сақтау, кептіру, қабылдау, жөнелту қарастырылған, – деді «Сарыбел НАН» директоры Виталий Прокоп. – Сыйымдылығы бір уақытта 50 вагон болатын теміржол тұйығы салынды. Тиеудің негізгі бағыттары – Қазақстанның оңтүстігі және жақын шетел.

Осы күзде элеватор астық қабылдауды бастайды. Оны толығымен 2022 жылдың маусым айында іске қосу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы