АҚШ президенті Осакаға сапарында Ким Чен Ынмен кездеспейді

27 Маусым 2019, 08:58
1718
Бөлісу:
АҚШ президенті Осакаға сапарында Ким Чен Ынмен кездеспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп G20 саммитіне сапар барысында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездеспейтінін мәлімдеді.

«Мен бірнеше адаммен кездесемін. Бірақ онымен емес. Дегенмен онымен сөйлесу үшін түрлі мүмкіндік болады», - деді Трамп журналистерге.

G20 саммиті Жапонияның Осака қаласында 28-29 маусымда өтеді. Дональд Трамп РФ президенті Владимир Путинмен кездеседі.

27-28 ақпанда Ханойда АҚШ және КХДР арасында екі күндік саммиті өтті. Оның қорытындысында тараптар келісімге келе алмады.

Өзгелердің жаңалығы