ҰОС ардагерлері қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс – Ноғаев

18 Қараша 2019, 22:04
4234
Бөлісу:
ҰОС ардагерлері қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс – Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аппараттық кеңес кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол Ұлы Жеңіс мейрамы тек мерекелік шаралармен шектелмеуі тиіс екенні айтты. 
9 мамырға қазірден бастап күн сайын, ыждағатпен дайындалу қажет. Мәселен, маған Телеграмм чат-каналына қала тұрғындарынан түрлі өтініштер түсіп жатады. Айталық, таяуда бір жергілікті тұрғын Жеңіс саябағында орнатылған ескерткіш тақталардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың аты-жөндеріндегі қателерді түзетуді ұсынды: Кеңес Одағының батыры Канцева деп көрсетілген, Канцев деп түзету қажет. Бірінші орынбасарым  Серік Шапкеновке  осы мәселемен айналысуды тапсырамын, - деді Нұрлан Ноғаев.
Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев аймақта Ұлы Отан соғысының небары 11 ардагері ғана бар екенін айтты.
Бұдан бөлек, Ұлы Отан соғысының ардагерлері күн сайын біздің қамқорлығымызды сезінуі тиіс. Облыста Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқандардан небары 11 адам қалыпты. Өкінішке орай, олардың қатары жыл сайын сиреп келеді. Біздің оларға деген алғысымыз тек 9 мамырмен шектелмеуі керек. Бейбіт өмірді қамтамасыз еткен батырларымызға деген  біздің алғысымыз сол  –  оларды ұдайы қамқорлап, қолдауымыз қажет, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы