Өрттің көбеюі ТЖМ өрт қауіпсіздігін шала тексеруіне байланысты ма?

2 Наурыз 2021, 12:56
1969
Бөлісу:
Өрттің көбеюі ТЖМ өрт қауіпсіздігін шала тексеруіне байланысты ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбы асында өткен онлайн брифинг барысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин министрліктің өрт қауіпсіздігіне қатысты жұмысы туралы айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан болатын тексерулер рейдтік шара түрінде жүргізіледі. Жекеменшік сектор нысандары ТЖМ-ның бақылау функциясына кірмейді. Тиісінше, біздің қызметкерлер рейдтік шараларға шыққан кезде тұрғындарға жылыту және газ құрылғыларын қалай дұрыс пайдалану керегі жайында тек кеңес беруге құқылы. Ал мұндай құрылғыларды пайдалануға шектеу қоятын қандай да бір айыппұл санкциясын салуға біздің қызметкерлердің құқығы жоқ. Оның үстіне елімізде шағын бизнес секторында газ баллоны құрылғысының жарылу фактілері жиілегені белгілі, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы болған қайғылы оқиғалар біздің қызметкерлердің өз құзыретінде жоқ нысандарды тексермейтінін көрсетті. Кейбір кәсіпкерлер осыны пайдаланып, эксплуатация ережелерін бұзуға бейім, - деді ол.

Министр кәсіп иелеріне тұрғындардың қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қауарға шақырды. Юрий Ильин бұған дейін 2020 жылы республика бойынша 14 мыңға жуық өрт тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы