Өрттің 42,5%-ы жалдамалы пәтерлерден шығады – ТЖД

19 Сәуір 2021, 15:44
1792
Бөлісу:
Өрттің 42,5%-ы жалдамалы пәтерлерден шығады – ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте өттің 42,5%-ы жалдамалы пәтерлерде болатынын айтты.

Жеке тұрғын үйлерде болған өрттің 42,5%-ы - жалдамалы пәтерлерде, үй-жайларда болған өрт. Бұл өз кезегінде жалға алушы тұратын пәтердің өрт қауіпсіздігі жағдайына немқұрайлы қарауы және оның өрт қауіпсіз жағдайына келтіруіне уақытылы шаралар қабылданбауын көрсетеді, - деп айтты ТЖД өкілі.
Сонымен қатар 72 көлік өрті тіркелді. 69-ында өрттің шығу себебі электр желілерінің қысқа тұйықталуы болып отыр.
Өртке оранған техникалық құралдардың, автокөліктердің 68-і он жылдан астам пайдаланылып келе жатқан техникалық құралдар. Яғни бұл көліктер жыл сайын техникалық бақылаудан өтуі керек. Техникалық байқау кезінде электр желілері мен электр қондырғылардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуінен өтеді, - деп түсіндірді Еркін Отарғалымұлы.

Осы ретте ТЖД  жүргізушілерге, көлік иелеріне техникалық байқаудан өткен кезде көліктің электр желілерінің қаншалықты сәйкес келетініне, қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек деген кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы