Орталық Азияны қандай экологиялық қауіп-қатер күтіп тұр?

18 Қараша 2021, 12:30
2644
Бөлісу:
Орталық Азияны қандай экологиялық қауіп-қатер күтіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева «Тұрақты даму мақсаттары» халықаралық конференциясында айтты.

Біздің Қауымдастық тұрақты даму саласындағы барлық дерлік мақсатты қамтитын көптеген іс-шараға белсенді түрде қатысады және бастамашылық етеді. Еске салайық, жақында Шотландияның Глазго қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы өтті. Онда өзінің құттықтау сөзінде Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева Қазақстан бастамашылық еткен аймақтық бағдарлама туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деді Соловьева.

Бұған дейін Түркістанда Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (АЭҰҚ) бастамасымен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жолдары» атты 1-ші Орталық Азия форумы өткен еді.

Форумда климаттың өзгеруінің негізгі сын-қатерлері айтылды, сонымен қатар шекті және қайтарымсыз нүктеге іс жүзінде қол жеткізуге баса назар аударылды. БҰҰ-ның климаттық баяндамасына сәйкес, 10 жылдан кейін планетадағы орташа температура 1,5 градустан асып, жауын-шашын біркелкі болмайды. Салдарынан кей жерді құрғақшылық болса, кей жерде су тасқыны болады. Бұл Орталық Азия аймақтарындағы елдерге әсер етеді, - дед ол.

Ол атағандай, мұхиттың қышқылдануы артып келеді, жердің деградациясы жалғасуда, көптеген биологиялық түрдің жойылу қаупі төніп тұр және тұрақты емес тұтыну мен өндіріс үлгілері кең таралған.

Өткен ғасырда экономикалық және әлеуметтік прогресс қоршаған ортаның деградациясымен қатар жүрді, бұл біздің болашақ дамуымызға ғана емес, біздің өмір сүруімізге де тікелей қауіп төндіреді. Әлемде түзілетін қалдықтардың көлемі өсуде. Адам тұтынуы үшін өндірілген азық-түліктің шамамен үштен бірі жыл сайын жоғалады немесе ысырап болады, мұндай ысыраптардың негізгі бөлігі дамыған елдерде болып жатыр, - деді Соловьева.


Өзгелердің жаңалығы