Орталық сайлау комиссиясының алғашқы мүшелерінің бірі өмірден озды

15 Шілде 2020, 12:10
1223
Бөлісу:
Орталық сайлау комиссиясының алғашқы мүшелерінің бірі өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 шілдеде 70 жасқа қараған шағында Фоос Владимир Карлович қайтыс болды.


Ол Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының алғашқы мүшелерінің бірі болған. Фоос Владимир Карлович 20 жылдан астам өмірін ОСК жұмысына арнаған еді.

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген


Еңбек өтілі:

Солтүстік Қазақстан облысындағы Гудермес стансасының локоматив депосының тепловоз машинисті (1969ж)

Техниктер мектебінің курсанты(1970-1972)

Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясаты жөніндегі кеңесшісі (1994-1995)

Кеңесші, Орталық сайлау комиссиясының заң бөлімінің жетекшісі (1995-2000)

Қазақстан республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2000)

Қазақстан республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2017)

Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты (1990-1994)

"Құрмет" орденінің иегері.


Өзгелердің жаңалығы