ОКС Президент кандидаттарын қолдауға арналған қолды тексеру уақытын қысқартты

15 Сәуір 2019, 16:38
2174
Бөлісу:
ОКС Президент кандидаттарын қолдауға арналған қолды тексеру уақытын қысқартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қол қою парақтарын беру және президенттікке кандидатты қолдауға арналған қолдардың түпнұсқалығын тексеру мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы елордада өткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында ОСК төрағасы Берік Имашев айтты.

«Біз қол қою парақтарын беру және президенттікке кандидатты қолдауға арналған қолдардың түпнұсқалығын тексеру мерзімін 5 күннен 2 күнге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссиясын президенттікке кандидатты қолдауға қолдарының дұрыстығын тексеру уақытын 10 күнтізбелік күннен 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартамыз. Біз кандидаттарға қол жинауға көбірек уақыт беру үшін барынша жұмыс істеуіміз керек», - дейді Берік Имашев.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес, президенттікке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бір 1% қолдау керек.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізілімінде дауыс беру құқығы бар 11 814 019 азаматты қосты. Осылайша әр кандидатты қолдауға 118 140 сайлаушының қолы жиналуы тиіс. Толтырылған қол қою тізімдері аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі, ол қолдардың түпнұсқалығын тексереді және ОСК-на жібереді. Толтырылған қол қою тізімдері аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі. Ол жерде қолдардың түпнұсқалығы тексеріліп, Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 2019 жыл 9 маусымда өтеді. Кандидаттардың Мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды тіркеу 2019 дылдың 11 мамырына саған 18:00-ге дейін созылады.

Өзгелердің жаңалығы