Бас жаңалықтар
Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері ағаш отырғызды
21 Наурыз 2019, 09:40 1051

Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері ағаш отырғызды

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы "Орталық мемлекеттік архив" РММ қалашығы аумағында Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.  Мерекеге арнайы АҚШ және Франция ғалымдары, шетелдік құрметті қонақтар қатысты.

Орталық мемлекеттік архив тарих қойнауынан сыр шертетін мекеме. Қорында 1 млн 500 мыңға жуық ісі бар елдің ең ірі көппрофильді мұрағаты. Елімізде кеңес заманына дейінгі құжаттарды сақтап отырған бірегей ұжым Ұлыстың Ұлы күнін айрықша өткізді. Архивте XVIII ғасыр соңынан бастап, 1917 жылға дейінгі кезеңінде өмір сүрген қазақ халқының Сырым Датов, Жоламан Тіленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Сұлтан Кенесары Қасымов сынды батырлары жайлы құнды құжаттар сақтаулы. Сонымен қатар, еліміздің танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің (Қ.И. Сәтпаев, И. Омаров, Ш. Чокин, Е. Бекмаханов, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С.Мұқанов, Б. Момышұлы және т.б.) жеке мұрағаттық қорларында «елім» деп тебіреніп жазған киелі жазбаларында елдік рух пен қасиет жатыр.

Мерекеде алдымен қастерлі азаматтарға арнап мал шалынып, дұға бағышталды. Соңынан, мереке барысында қонақтар ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындарды, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күйге тәнті болды.

"Біздің мекемеде бүгінде 60-тан астам мұрағатшылар жұмыс істейді. Бүгін олардың отбасылары мен балалары біздің мерекеге қатысты. Біздің басты мақсатымыз өскелең ұрпақты халқымыздың ұлттық дәстүрлерімен таныстыру маңызды болды. Сондай-ақ, Наурыз - халықтардың бірлігі мен ынтымағына үндейтін айрықша мерекеге айналып отыр", – деді ҚР МСМ "Орталық мемлекеттік архив" РММ директоры Арнұр Қарымсақов.

Мереке соңында "Орталық мемлекеттік мұрағат" РММ басшылығы мен қызметкерлері мекеме ауласына ағаш отырғызды.

        

 

        

 

        

Загрузка...