Ақтөбеде орталық базар өртенді

9 Мамыр 2019, 12:25
2032
Бөлісу:
Ақтөбеде орталық базар өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде орталық базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Ақпарат бойынша 9 мамырда сағат 04.30-да «Айсұлтан» сауда павильонының шатырынан өрт шығып, жану алаңы ұлғая берген. Өрт сөндірушілер сағат 05.52-де өртті ауыздықтады. 06.28-де ол толығымен жойылды. Жалпы 1650 шаршы метр жанған.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысының ТЖД жеке құрамынан 127 адам және 20 өрт сөндіру техникасы жұмылды.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы