Бас жаңалықтар
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты аяқталды
PHOTO
06 Қыркүйек 2021, 09:28 120

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI Әлем чемпионатының және әйелдер арасында VII Әлем чемпионатының салтанатты жабылуы өтті.

1-5 қыркүйек аралығында кәсіби спорт түріндегі біріншілігі үшін тоғыз елден 14 команда әділ күресте жарысты.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысты.


Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы есепте Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпионы атанды. 


Екінші орынды Ресей Федерациясының құрамасы жеңіп алды. 



Үздіктер үштігін Чех Республикасының командасы түйіндеді.


Жалпы есепте ерлер арасында Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпионы атанды. 


Екінші орынға Чех Республикасының командасы жайғасты. Ал үшінші орынды Ресей Федерациясының командасы иеленді.


Жеке және командалық сынақтың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Жеңімпаз командаларға кубоктар тапсырылды.


Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша келесі Әлем чемпионаты 2022 жылы Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында жоспарланған. Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әріптестеріне Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық Спорт федерациясының туын табыс етті.


Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әлемнің түрлі елдерінің азаматтық қорғау органдары саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 




Фото: дереккөз
Загрузка...