№54 мектепте бүгін сабақ болмайды – директор

3 Қыркүйек 2021, 10:59
6164
Бөлісу:
 №54 мектепте бүгін сабақ болмайды – директор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №54 мектеп-лицейінің директоры Есмағзам Исмуханов бүгін бірінші және екінші ауысымдағы сыныптарда сабақтар болмайтынын айтты.

Оқушыларды сынып жетекшілерімен бірге ата-аналарына тапсырып, үйлеріне жібердік. Себебі мектепте түтін болғандықтан балаларды ішке кіргізе алмадық. Екінші ауысымдағы оқушылардың сабақтары да өтпейді, - деді Есмағзам Исмуханов.

Оның айтуынша, түтін екінші ауысымға дейін кетіп үлгермеуі мүмкін. Сол себепті сабақтар өткізілмейтін болып шешілді.

Қысқа тұйықталу болып, салдарынан түтін шықты. Өрт сөндіру қызметі келіп, өтті сөндірді. Қазір жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сенбі-жексенбі күндері ол жұмыстар аяқталады. Дүйсенбі күні қайтадан дәстүрлі форматта оқуды жалғастырамыз, - деді мектеп директоры.

Ол өрттің салдарынан ешкім зиян шекпегенін айтты. Себебі түтін мектепке кіреберіс жерде, яғни тамбурда болған.

Еске сала кетейік, бүгін Өрт сөндіру қызметіне №54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде кіреберістегі 1-қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілер өртті 15 минут ішінде толығымен сөндірді. Өрт аумағы 8 шаршы метр. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы