Қордайдың екі тұрғынынан 1 келіден астам героин табылды

27 Ақпан 2020, 11:18
1300
Бөлісу:
Қордайдың екі тұрғынынан 1 келіден астам героин табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғыны тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. 

Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің жазғы ас үйінен табылды. Сот-химиялық сараптамасының актісіне сәйкес, тәркіленген зат героин екені анықталды. Есірткінің ауыр түрі саналатын героиннің жалпы салмағы бір келіден асады.


Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы