Қордайдағы төбелес. Қамауға алынған 44 адам босатылды – Мырзахметов

8 Ақпан 2020, 19:51
2720
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Қамауға алынған 44 адам босатылды – Мырзахметов
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Масанчи ауылындағы жанжал кезінде ұсталғандардың 44-і босатылды. Бұл туралы оқиға орнында жүрген BaigeNews.kz тілшісі хабарлады.

 
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 44 адам Ауқатты ауылындағы қамаудан босатылды. Бұл туралы 8 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Аcқар Мырзахметов баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
Бұл адамдардың төбелеске қатыспағаны белгілі болғаннан кейін босатылды. Түнгі үште ауыл қоршауға алынған кезде полиция оларды қамаған болатын, - деді Жамбыл облысының әкімі.
Жалпы, облыс әкімінің айтуынша, түнгі төбелеске 1000-ға жуық адам қатысқан. Бұған дейін 47 адам ұсталып полиция бөліміне жеткізілгені хабарланған. 
Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр, - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Өзгелердің жаңалығы