Қордайда вирус жұқтырған қыз – елорда тұрғыны

4 Сәуір 2020, 02:17
1616
Бөлісу:
Қордайда вирус жұқтырған қыз – елорда тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның жедел штабы Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


3 сәуірде Жамбыл облысында коронавирустың екі жаңа жағдайы анықталған. Екеуі де Қордай аймағында тіркелген. 

Алғашқы науқас – ауданға 17 наурызда келген 30 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны. 30 наурызда жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған сынақтар коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Қыз жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Жақын байланыста болған тоғыз адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. 

Екінші жағдай – бұл бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 24 жастағы азамат. Қазір ол азаматпен қарым-қатынас орнатқан бес адам анықталып, карантиндік режимге жабылған.


Өзгелердің жаңалығы