Бас жаңалықтар
Ордабасыда 85 каналдың арнасы тазалануда
03 Шілде 2020, 20:10 195

Ордабасыда 85 каналдың арнасы тазалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартудан өтуде. Ондағы мақсат – аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәл қазіргі таңда 380 шақырымды құрайтын 43 каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде механикалық тазалауды қажет ететіні 214,6 шақырым болса, бүгінгі таңға тазаланғаны 97 шақырым. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланып бітеді деп күтілуде. Нәтижесінде 15 699 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, шілде айында су жетпейтін 2 228 гектар жердің су мен қамтамасыз етілуі жақсара түспек.

Жалпы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал бар. Оның 15-і республикалық, 45-і облыстық, 17-сі ауыл округтерінің, 9-ы жеке меншікте. Бұл каналдар арқылы 33131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі.

Бүгінде демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өтіп жатқан каналдарда 7 дана техника жұмыс істеуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...