"Ордабасы-құс" ЖШС директоры қайтыс болды

29 Шілде 2020, 11:15
8715
Бөлісу:
"Ордабасы-құс" ЖШС директоры қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ордабасы-құс" ЖШС директоры Мұрат Құлмырзаұлы Тағаев өмірден өтті.

Мұрат Тағаев 1955 жылдың 9 маусымында Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 
Мамандығы – зооинжинер.

Еңбек жолын 1974 жылы Қазығұрт ауданының "Коммунизм" қой шаруашылығында ветсанитар қызметінен бастаған. 

Құс шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен.

Құс шаруашылығы саласындағы мансабын Ақтау қаласындағы құс фабрикасынан бастаған.

1981-1994 жылдары Ордабасы ауданындағы құс фабриксында зооинжинер кейін директор болып жұмыс істеген. 

1994-2007 жылдары "Қайнар құс" АҚ директоры болған. 

2007 жылдан бастап "Ордабасы-құс" ЖШС директоры қызметін атқарған.

"Құрмет", "Парасат" орденінің иегері.

Айта кетейік, "Ордабасы құс" ЖШС негізі 2007 жылы қаланған. 

Ал 2010 жылы Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір кезінде желтоқсанында тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысы сол кезде іске қосуға рұқсат берді.

Өзгелердің жаңалығы