«Ордабасы» Еуропа лигасын жеңіспен бастады

12 Шілде 2019, 11:17
1319
Бөлісу:
«Ордабасы» Еуропа лигасын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо»  (Кутаиси) клубын қабылдады.

Кахабер Цхададзе алғашқы минуттан үздіктерінің бәрін алаңға шығарды. Бірінші таймда алаң иелері қанша тырысқанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Әсіресе, Жоао Паулоны қолдайтын ешкім таба алмады.

Екінші таймда Шымкент командасының бас бапкері қорғаушы Мардан Төлебекті шабуылшы Зиги Бадибангаға ауыстырып, тәуекелге барды. Сонда да гол соға алмай, біраз жүйкелері жұқарды. Тек, 67-минутта Темирлан Ерланов бұрыштамадан басымен есепті ашты. Осы гол матч соңына дейін сақталып қалды. 

Енді қарымта матч 18 шілдеде өтеді.

«Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) - «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) - 1:0 Гол: Ерланов, 67 (1:0).

«Ордабасы»: Непогодов, Малангу, Ерланов, Механович (Щеткин, 67), Төлебек (Бадибанга 56), Жаңғылышбай (Быстров, 73), Диакате, Малый, Досмағамбетов, Фонтанельо, Жоао Пауло.

«Торпедо» Кутаиси: Квасхвадзе, Табатадзе, Небиеридзе, Чичинадзе, Хурцилава, Цинцадзе, Пониава (Мосиашвили, 86), Капанадзе (Цецхладзе, 78), Надарая, Чогадзе (Кобахидзе, 67), Цицкишвили.

Бас төреші: Роомер Тараев (Эстония).

Өзгелердің жаңалығы