Ордабасы ауданында спорт кешені ашылды – Түркістан облысы

17 Желтоқсан 2020, 05:40
2331
Бөлісу:
Ордабасы ауданында спорт кешені ашылды – Түркістан облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Қарақұм ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қарақұм спорт кешенінің ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев тұрғындарға аудан басшысының құттықтауын жеткізіп, ғимараттың ашылуына еңбек сіңірген азаматтарға Алғыс хат табыстады.

Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған Ермекбай Сатенов көпшілікті мерекемен құттықтап, атқарылған жұмыстар үшін ризашылығын білдірді.

Жалпы, Ордабасы ауданының спорт саласында айтулы жұмыстар атқарылып келеді. 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен Ұялыжар мен Темірлан ауылынан ашық алаңша мен стрит воркаут ашылған болатын. Аудан орталығындағы саябақ та осындай нысанмен толықты. Көпқабатты үйлердің ауласында 2 ашық алаңша, «Бәйтерек» мектебінің спорт залы мен алаңшасы салынды.


Өзгелердің жаңалығы