Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

24 Қазан 2021, 20:22
2868
Бөлісу:
Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Темір ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы жолда Республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Қандыағаш" автожолын қайта жөндеу барысын қарап шықты.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе-Қандыағаш" учаскесіндегі құрылыс – монтаждау жұмыстары биыл 11-100 шақырым аралығында басталған болатын. Жобаның жүзеге асырылу барысы туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Ақтөбе филиалының басшысы Марат Махамбетов есеп берді.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Екі мердігер ұйым жұмылдырылды. Қазіргі таңда 18 шақырымға асфальт жабындысы төселсе, оның 10 шақырымына екі қабаттан төселді. Сол он шақырымы көлік қозғалысына ішінара ашық. Жобаны жүзеге асыру 2023 жылға дейін жалғасып, 18 көпір мен 66 су өткізетін құбырлар қалпына келтіріліп, салынады. Бұдан өзге, Ақкемер ауылының жанынан жергілікті тұрғындардың өтінішімен мал айдайтын малөткел салынды, бұл жобада қарастырылмаған, - деді Марат Махамбетов.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Тексеру қорытындысы бойынша облыс әкімі жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету және оларды іске асыру мерзімдерін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Өңір басшысы Темір ауданының Қопа ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының ашылуына қатысты. Медициналық мекеме бір ауысымда 40 келушіге арналған. Оның құрылысына мемлекет 115 миллион теңге жұмсады.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Мұндай амбулаторияның салынғанына өте қуаныштымыз. Бұрынғы ғимарат толығымен тозған еді. Оны өзіңіз де көрдіңіз. Қазір бізде барлығы бар, дегенмен көшелердің асфальтталғанын қалаймыз, - деді Қопа ауылының тұрғындары облыс әкіміне.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Биыл ауылдық елді мекендерді электр, газ, су, жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Өткен жылы сіздің ауылыңыздағы кіреберіс жол асфальтталды, енді негізгі көшелердегі жолдарды жөндеуге кірісеміз., - деді Оңдасын Оразалин.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Облыс жол мәселесі жағынан артта қалғандардың бірі болды. Соңғы 2-3 жылда бұл мәселені шешуге жалпы өткен 7-8 жылда қанша қаражат бөлінсе, сонша қаражат бөлінді. Биыл біз облыстың қанағаттанарлық жағдайдағы жолдармен қамтамасыз етілуін 66 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Облыстың барлық аудандарында аудандық жолдармен қатар, облыстық және республикалық маңызы бар жолдарында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елдімекендердің көшелеріндегі жолдарды да ауқымды түрде жөндеп жатырмыз. Келер жылы қарқын мен көлемді ұлғайтамыз, өйткені жолдың жағдайы – кәсіпкерлік пен жалпы облыс экономикасын дамытуда негізгі мәселе, - деп жалғастырды облыс әкімі.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Өңір басшысы Қопа ауылының тұрғындарына ауылды және олардың үйлеріне іргелес аумақтарды таза ұстағандары үшін алғыс білдірді.

Өңір басшысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті ауданында 1815-1896 жылдары өмір сүрген көрнекті діни қайраткер Досжан хазреттің мемориалдық кешенінде болды.

Оразалин: Жол мәселесі – кәсіпкерлік пен экономиканы дамыту мәселесі

Досжан хазірет балаларды діни сауатқа үйретіп, көптеген мешіттердің құрылысына өз үлесін қосты. Оның тікелей басшылығымен Доңызтауда Қайнар мешіті, Ойыл өзенінің бойында Ишан ата мешіті салынды.

Өткен жылы демеушілік қаражат есебінен Досжан Қашақұлының жерленген жерінде кесенені, қонақ үйді және шаруашылық-тұрмыстық объектілерді салумен ауқымды түрде қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, кешен аумағында орналасқан Досжан хазреттің ежелгі мешітінің қалдықтары сақталған.

Оңдасын Оразалин аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына киелі нысандарды сақтау және көпшілікке насихаттау, сондай-ақ туристік саланы жүйелі негізде дамыту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Дәл осы күні Шұбарқұдықта тұшпара өндіретін жаңа цех ашылды. Құны 40 миллион теңгені құрайтын жобаны "Агробизнес" бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсіпкер Сұлтанбек Жонисов іске асырды. Цех қуаттылығы тәулігіне 500 келі ет өңдеуге есептелген. Цех жанында ет павильоны ашылды. Негізгі шикізат жеке бордақылау алаңынан жеткізіледі.

Жұмыс сапары жаңа саябақтың ашылуымен, Шұбарқұдық кентінің Қызылжар шағын ауданында сумен жабдықтау жүйесінің және екі жаңа автожолдың құрылыс барысын тексерумен аяқталды.

Аудан әкіміне іске асырылып жатқан жобалардың барысын тұрақты бақылауда ұстау, олардың сапалы және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы