Бас жаңалықтар
Оразалин облыстағы диструктивті діни ағымдар туралы айтты
22 Маусым 2021, 13:55 675

Оразалин облыстағы диструктивті діни ағымдар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Біздің өңір осындай жағдайлармен танымал болды. Қазір ахуал тұрақты. Диструктивтік ағымдағыларды қолдаушылар жылдан жылға азайып келе жатыр. Қазір 1850-ге жуық сондай ұстанымдағы адамдар бар. Қазіргі таңда болған келеңсіз жағдайлар қайталанбауы керек. Себебі ондай азаматтармен жұмыс істеп жатырмыз. Оларды әлеуметтендіріп, ортаға қосу, жұмыс пен бизнес бойынша қолдау көрсету керек. Олар сырттан келген жоқ, өзіміздің бауырлар, қазақстандық азаматтар, - деді ол.

Әкім ондай ағымдағы азаматтарды шеттетіп, қамауға алмай, мемлекеттің саясатын түсіндіру қажетін айтты.

Оларды қалған азаматтардан бөлуге болмайды. Біз де сол тұрғыдан қарауымыз керек. Ортадағы азаматтармен бірге елге қызмет етуге тарту керек, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі брифингте жыл қорытындысы бойынша экономика өсімінің оң қарқынын кемінде 4% деңгейінде қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтты.

Ол үшін өнеркәсіптің өсуін бізге кемінде 5%, сауданың – 3,5%, құрылыстың – 5,8%, ауыл шаруашылығының – кемінде 5,4% деңгейінде қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа жыл соңына дейін өңірге шамамен 800 млрд теңге инвестиция тарту, сондай-ақ кемінде 23 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануд, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...