Ақтөбеге тартылатын инвестиция көлемін арттырамыз – әкім

13 Қараша 2019, 12:52
1909
Бөлісу:
Ақтөбеге тартылатын инвестиция көлемін арттырамыз – әкім
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы президенттің экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын көтеру жөніндегі тапсырмасын тиімді орындап жатыр.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатын өткізген Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осылай мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, соңғы 9 айдың ішінде барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі байқалған. 
Атап айтқанда, өнеркәсіп өсімі 5,3%, ауыл шаруашылығы 1,2%, тұрғын үй құрылысы - 9%, сауда-саттық 3,3% құрады. Біз үшін өңірді дамытудың басым бағыттардың бірі инвестиция тарту болып қала береді. Жыл соңына дейін 600 млрд теңге тарту жоспарланып отыр, бұл былтырғыдан  5%-ға жоғары. 2024 жылға қарай инвестиция көлемі болжам бойынша 2,7 есеге, яғни 1,6 трлн теңгеге өседі - дейді әкім.
ок.jpg

Сонымен қатар ол өңірде құны 140 млрд теңге болатын 25 жоғары технологиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айтты. 

Ірі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 38 млрд теңге болатын, 4.0 Индустриясының элементтері бар "Орыс мыс компаниясы" АҚ байыту фабрикасын жаңғырту, "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның тазартылған феррохромының шөгінді қожын қайта өңдейтін фабрика салу (құны 17 млрд. теңге),  "Green Capital Kazakhstan" ЖШС-нің бесінші буын жылыжайының жобасын әрі қарай кеңейту (құны 13,5 млрд тг.), "Көктас-Ақтөбе" АҚ-ның құрылыс материалдарын шығаратын зауытты іске қосу (құны 15 млрд тг) жобалары бар. Альтернативті энергетика саласында "ArmWind" ЖШС-нің  "Бадамша" жел электрлі стансасының қуаттылығы жылына 48 МВт болатын бірінші кезегі іске қосылмақ - дейді әкім.
Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин өңірдің инвестиция ағынын көбейту мақсатында "Евразия" арнайы экономикалық аймағы мен  түрік инвесторының "GOSB"  индустриалды паркін құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
  
Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру қосымша 500 млрд теңгеден астам қаражат тартуға, кем дегенде 15 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ақтөбелік шаруалар 199,9 млрд теңгеге өнім өндіріп, еңбек өнімділігі бір адамға 1,4 млн теңгені құрады. Ақтөбе облысы тұрғын үй салуда әлі де көш басында тұр: шамамен 600 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 6,5%. Осы жылдың соңына дейін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында кем дегенде 1 млн м2 тұрғын үй немесе 8,7 мың пәтер пайдалануға беріліп, 1,2 мыңнан астам пәтерге жеке баспанасы жоқ көпбалалы және аз қамтылған отбасылар ие болады - дейді әкім.
Көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы сомасы 43,6 млрд теңгеге 500 шақырымнан астам автокөлік жолы жөнделетін болады.

Облыстың экономикалық өсімінің көрсеткіші әлеуметтік салада да тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Халықтың табысын өсіру шаралары қабылданып жатыр. Орташа айлық еңбекақы 14,5% өсіп, 153 мың теңгені құрап отыр. Бұған Елбасының бюджет саласындағы 54 мың қызметкердің еңбекақысын 30% көтеру жөніндегі тапсырмасын орындау арқылы қол жетті. Бұл бастаманы 100 ірі және орташа кәсіпорын қолдап, 46 мың жұмысшының айлығын 15% өсірді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселесін шешуге сондай-ақ "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру да септігін тигізді. Биыл осы бағдарламаға 11,4 млрд теңге бөлініп, оның 9,4 млр теңгесі игерілген. 18,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды - дейді өңір басшысы.
Ақтөбе облысындағы бірқатар жол жөнделетіні туралы осыған хабарлағанбыз. Баспасөз мәслихаты кезінде өңір басшысы облыста суармалы жерлердің ұлғаятыны туралы да айтты.


Өзгелердің жаңалығы