Оразалин: Ақтөбе облысындағы бірқатар жол жөнделеді

13 Қараша 2019, 12:40
2112
Бөлісу:
Оразалин: Ақтөбе облысындағы бірқатар жол жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының 9 айлық жұмысын қорытындылаған өңір басшысы әкімі Оңдасын Оразалин осылай деді.

Өңір Қазақсатнның негізгі көліктік-транзиттік дәліздерінің бірі. Сондықтан, көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады. Оңдасын Оразалиннің айтуынша облыстың көкейкесті мәселелерінің бірі – жол сапасының нашарлығы болып қала бермек.
Осы жылы жергілікті жолдардың желісін дамыту үшін қаражат 1,3 есе өсіп, 43,6 млрд теңге бөлінді. Бұл 500 шақырымнан астам жергілікті жолды жөндеуге мүмкіндік береді. Келесі жылы" Ақтөбе-Қандыағаш", "Ақтөбе-Орск" (8-16 км) жолдары жөнделіп, "Ақтөбе қаласының Батыс айналма жолы" салынады. Үкіметпен бірлесе отыра "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын"," Орталық-Батыс" жобалары  пысықталатын болады. Біз бір шақырым жолдың өзіндік құнын төмендететін Канаданың жаңа технологиясын қолдануды жоспарлап отырмыз,- деді Оңдасын Оразалин.
кыр.jpg

Сондай-ақ, облыс әкімі транзит әлеуетін дамыту аясында Ресеймен шекарадағы  "Әйтеке би – РФ Союзное" және "Жиренқопа – Бірінші мамыр", сонымен қатар Өзбекстанмен шекарада Бозой ауылы жағындағы бекеттердің мәртебесін халықаралық деп көтеріп, үш халықаралық өткізу бекетін ашу сұрағы пысықталып жатқанын атап өтті.
Бұл шаралар жолаушылар мен жүк ағынын екі есе өсіруге мүмкіндік береді. Сарапшылардың мәліметінше көлік инфрақұрылымына салынған 1 млрд теңге, жалпы ішкі өнім үлесі экономиканың барлық саласына мультипликативтік нәтижені қамтамасыз ету есебінен 1,6 млрд теңгеге дейін өсуде,- дейді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, баспасөз мәслихаты кезінде өңір басшысы облыста суармалы жерлердің ұлғаятыны туралы айтқан болатын.



Өзгелердің жаңалығы