"Оралман" атауы заңды түрде өзгерді

11 Желтоқсан 2019, 16:05
10153
Бөлісу:
"Оралман" атауы заңды түрде өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің Twitter-дегі жазбасынан кейін "оралман" термині "қандас" деп ауыстырылатын болды. 

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Президент "оралман" сөзіне қатысты өз позициясын білдіріп, терминді "қандас" ұғымымен ауыстыру туралы тапсырма берді. Сондықтан бүгін талқыланған заң жобасында бұл норма келісілген. Егер заң алдағы уақытта қабылданып жатса, "оралман" түсінігі "қандас" сөзімен алмастырылады, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Осы орайда ол өзіне қай сөз жақын екенін де айтты.

Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Жеке өз басым қандас бауырларымыз деп сөйлеймін. Ол маған кішкене жақындау. Егер заң қабылданса, онда 10 заң мен 7 кодекске өзгеріс енгізіледі. Яғни, "оралман" термині барлық құжатта "қандас" сөзімен ауыстырылады, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы