Оралда жедел жәрдем көлігі арыққа түсіп кетті

8 Шілде 2019, 14:00
2100
Бөлісу:
Оралда жедел жәрдем көлігі арыққа түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ.  Бүгін 8 шілдеде Орал қаласындағы "Әлем плаза" сауда үйінің жанында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы "Менің қалам"порталы хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем кареті арыққа сағат 8.30-да "Әлем плаза"сауда үйінің жанында түсіп кетті.

"Апаттың қалай болғанын естімедім. Бірақ барлығы жедел жәрдемнен шыққан кезде жүргізуші  жедел жәрдем көлігін "семерка" машинасы соққанын айтты. Көлікте емделушілер болмаған, тек медицина қызметкерлері ғана отырған.Басқа жедел жәрдем көлігі келіп, барлығын алып кетті", - деді куәгер.

Ал қалған мәліметтер жақын уақытта  анықталады.

Өзгелердің жаңалығы