Бас жаңалықтар
Оралда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды
14 Сәуiр 2021, 21:09 192

Оралда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүбірлі додаға еліміздің 15 өңірінен келген жас теннисшілер қатысып жатыр деп хабарлады Olympic.kz. 

Дәстүр бойынша турнир командалық жарыстан басталды. Қыздар арасында шымкенттіктер Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт, Павлодар облысының өкілі Ангелина Романовская, Қарағанды облысының намысын қорғайтын Арай Әшкеева мен Александра Смирнова және астаналық Малика Сандыбаева мен Алтынай Ержанқызы жартылай финалға өтті.  

Жасөспірім ұлдар арасындағы сында Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының өкілдері өзара бақ сынайды.  

14 сәуір, жартылай финал, ұлдар: 

Қарағанды облысы – Алматы, Жамбыл облысы – Батыс Қазақстан облысы.

14 сәуір, жартылай финал, қыздар:  

Шымкент – Павлодар облысы, Қарағанды облысы – Нұр-Сұлтан.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...